|
|
Erstellt von Zhanat Rysmagambetov
vor mehr als 4 Jahre
|
|
| Frage | Antworten |
| 1940 жылы Германияның КСРО-ға қарсы жоспары аталды | Барбаросса |
| Гитлерлік Германия өзара шабуыл жасаспау туралы кеңес-герман шартын бұзып,КСРО-ға тұтқиылдан басып кірді: | 1941 жылы 22 маусым |
| Республика аумағында жұмыс істеген 27 әскери оқу орнынан даярлап шығарылған офицер саны: | 16 мың |
| Шымкент қаласында Чугуев әскери авиаучилищесінде оқыған, үш рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған: | Н.Кожедуб |
| 1998 жылы Ресейдің батыры және Қазақстанның «Халық қаһарманы» атағы берілді: | Б.Бейсекбаев |
| 1941 жылдың ауыр күндерінде «Ленинградтық өренім» жырын халыққа арнаған қазақ ақыны: | Ж.Жабаев |
| 1941 жылдың 10 шілдесінен 1944 жылдың 10 тамызына дейін созылған шайқас атауы: | Ленинград үшін шайқас |
| Ленинград үшін шайқаста дзот амбразурасын кеудесімен жауып,ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры: | С.Баймағамбетов |
| Қызыл тулы «Киров» крейсеріндегі қазақстандық жауынгердің саны: | 156 |
| Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп,5 неміс офицерінің көзін жойған қазақ батыры: | Т.Тоқтаров |
| Мәскеу түбінде ерлік көрсеткен 316-атқыштар дивизиясына қолбасшылық еткен генерал-майор: | И.В.Панфилов |
| Кеңес Одағының Батыры атағын алған Мәлік Ғабдуллин ерлік көрсеткен шайқасы: | Мәскеу түбінде |
| Амангелді Имановтың ұлы автоматшы Рамазан Амангелдиев қаза тапқан шайқас: | Воронино селосы үшін |
| Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Ту» орденімен мараппатталған дивизия: | 316-атқыштар |
| Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді: | 1942 жылы |
| 1961 жыл 10 қарашада Сталинград атанған қала: | Волгоград |
| Қызыл Ту орденімен марапатталған Сайрам ауданы Ворошилов атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхозшысы: | Ә.Құрмантаев |
| Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапқан ақын Жамбылдың ұлы,пулеметші: | Алғадай |
| Ұлы отан соғысы кезінде Қазақстанға жақын майдан: | Сталинград |
| Сталинград үшін шайқаста ерлік көрсеткен Кеңес Одағының Батыры атағын алған минометші: | Қ.Сыпатаев |
| Павлов үйі гарнизонын қоршауға қатысқан Оңтүстік Қазақстаннан барған жауынгер | Т.Мырзаев |
| Ұлы отан соғысында Ленин ордені мен Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық жауынгерлер саны: | 500-ге жуық |
| Кеңес Одағы Батыры атағын екі мәрте алған ұшқыш: | Л.Беда |
| Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақтар | 97 |
| «Даңқ» орденімен мараппатталған қазақ жауынгерлер саны: | 142 |
| Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Кеңес Одағының Батырлары: | Р.Қошқарбаев,Г.Булатов |
| 2000 жылы «Ғасыр адамы» танылған тұлға: | Б.Момышұлы |
| 1990 жылы 11 желтоқсанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді: | Б.Момышұлы |
| Жанып жатқан үшағын жау танкілерінің шоғырына құлатып,серігі Комиссаровпен бірге ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры: | Н.Әбдіров |
| 1945 жылдың наурызына дейін,417 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып,200 әуе ұрысын жүргізіп,жаудың 37 ұшағын құлатқан Кеңес Одағының Батыры: | С.Луганский |
| Сағадат Нұрмағамбетов ерлік көрсеткен шайқас: | Берлин үшін |
Möchten Sie mit GoConqr kostenlos Ihre eigenen Karteikarten erstellen? Mehr erfahren.