1916 көтеріліс КЗ

Description

Flashcards on 1916 көтеріліс КЗ, created by Альмира Алибекова on 04/04/2022.
Альмира Алибекова
Flashcards by Альмира Алибекова, updated more than 1 year ago
Альмира Алибекова
Created by Альмира Алибекова about 2 years ago
360
0

Resource summary

Question Answer
1917 жылға қарай Қазақстанда қазақтардан тартып алынған жердің көлемі: 45 миллионнан астам десятина.
1907-1912 жылдары Қазақстанға елдің еуропалық бөлігінен қоныстандырылғанадамдардың саны: 1 млн 600 мың
«1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды», – деп жазды: Т.Рысқұлов.
1913 жылдың өзінде «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», – деп жазған: А.Байтұрсынов.
«Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы: Әлихан Бөкейханов.
1914-1918 жылдардағы Ресей үшін Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі ролі осы оқиғаға байланысты күшейді: Бірінші дүниежүзілік соғыс.
1916 жылғы оқиғалар қарсаңында Қазақстанда енгізілген жаңа салық түрі: Әр үйден алынатын соғыс салығы
1916 жылғы көтерілістің негізгі себебі: Ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуі.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа желеу болған себеп: 19- дан 43 жасқа дейінгі адамдарды қара жұмысқа алу туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы.
1916 жылғы 25- маусымдағы патша жарлығы бойынша қара жұмысқа алынатын адамдардың жасы: 19-43
1916 жылғы 25- маусымдағы патша жарлығы бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен қара жұмысқа алынуға тиіс адамдар саны: 500 мыңнан астам
1916 жылғы патша жарлығына байланысты «...жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылды» - деп айтқан:ы. Мыржақып Дұлатұл
1916 жылғы қозғалыстың қамтыған аумағы: бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір, Кавказдың бір бөлігі. бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір, Кавказдың бір бөлігі.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басты қозғаушы күші: Халық бұқарасы.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің сипаты: Отаршылдыққа қарсы.
Жергілікті әкімшілік, байлар мен мұсылман дінбасыларының балалары босатылды: Патша үкіметіне тыл жұмыстарына адамдар алуға көмектескені үшін.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан халықтың ең бірінші жасаған іс-әрекеті: Отарлауға дейінгі дәстүрлі басқару жүйесін қалпына келтірді.
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығына байлар мен ауыл старшындарының ұстанған бағыты: Жарлықты жақтап шықты.
1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», – деп жазғандар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов.
28. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығына қазақтың либерал–демократиялық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов) көзқарасы: парасатты ымыраластық тәсілін жүргізді
либерал–демократиялық зиялы қауымы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бірінші орында ұстады: халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде ымыраластық тактикасын ұстану арқылы халықты қан төгістен аман сақтауға тырысқан зиялылар өкілі: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталығы: Жетісу.
Жергілікті казактардан жазалау отрядын ұйымдастыру үшін казак станицаларын асығыс түрде қару жарақпен қамтамасыз еткен Жетісудың генерал-губернаторы: М.А.Фольбаум.
1916 жылы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Жетісу көтерілісшілері күш біріктірді: Қырғыз, ұйғыр шаруаларымен
Патша үкіметі көтерілістің 12 басшысын азаптап өлтірді, ал Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылған көтеріліс басшы: Б.Әшекеев.
Қарқара түрмесінде азапталып өлтірілген, 1916 жылғы көтеріліс жетекшілерінің бірі: Жәменке Мәмбетов.
1916 жылғы көтеріліс барысында Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың Қытайға ауып кетуге мәжбүр болған халық саны: 300 мың
1916 жылы Торғайда болған көтеріліс ерекшеленді: Бір орталыққа бағындырылған басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары хан етіп сайлады: Әбділғафар Жанбосыновты.
Торғайдағы көтерілістің сардарбегі: Амангелді Иманов.
Торғайдағы көтеріліс сардарбегі Амангелді Имановтың серігі, мерген: Кейкі батыр.
Өзінің ұрыс жүргізу тактикасымен ерекшеленген ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшы: А.Иманов
Торғайды ала алмайтын болғандықтан, көтерілісшілер қоршауды тоқтатып: партизандық күрес әдісіне көшті.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа байланыста «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді... ӘлиханБөкейханов
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді: Жарты миллионға жуық.
ХХ ғасырдағы Ресей патша өкіметіне қарсы шыққан қазақ халқының ең соңғы көтерілісі: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
1905 жылдың шілдесіндегі Қарқаралы петициясында қойылған талап: Халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру
1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думада «Қоныстандыру қазіргі кезде қырғыз-қайсақ халқын көшіріп жіберумен қат-қабат жүргізіліп жатыр», - деп баяндама жасаған депутат: Бақытжан Қаратаев
1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің ерекшелігі: Партизандық күрес әдісін қолданды
1911 жылы Орынбор губерниясының Троицк қаласында жарық көрген алғашқы қазақ журналы: «Айқап»
Отарлық ұлт аудандарының «Сілкініп оянуына» негіз болған «Қанды жексенбі» болған жыл 1905 жылы
1905 жылы Қарқаралыда өткен еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын саяси жиынға белсене қатысты: М.Дулатов
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «Түземдік» халық арасынан екінші мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған федералист М.Тынышпайұлы
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «Түземдік» халық қарасында екінші мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған: Ш.Қосшығұлұлы
Қазан төңкерісі қарсаңында халықтан тартып алынған жер көлемі: 45 млн десятина
«Қазақ» газетінің редакторы болған қайраткер: А.Байтұрсынұлы
ХХ ғасырдың басында ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда үлкен орын алған журнал: «Айқап»
1905 жылдың шілдесіндегі Қарқаралы петициясында қойылған талап: Азаматтық және сот істерін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту
1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думада қоныстандыру «...қырғыздарды жерінен емес, олардың тұрғын үйінен қуып шығаруда», - деп баяндама жасаған депутат: Бақытжан Қаратаев
1916 жылғы Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілістің ерекшелігі: Қазақтарға ұйғыр, дүнген және қырғыздар қосылды
1913 жылы Орынборда шығарыла бастаған жалпыұлттық газет: «Қазақ»
Жетісу облысында көтерілістің ерекшелігі: Көпұлтты
Жәдидшілдіктің негізін қалаған: Гаспринский
Ұлттық либералды-демократиялық қозғалыс өкілдерінің қазақ халқының мүддесін қорғау жолындағы күресінің өзіндік ерекшелігінің бірі түрі: Петиция
Түркістан уәлаятының газеті шығарылған қала: Ташкент
1888 жылдан бастап Омбы қаласында шығарылған газет: Дала уәлаятының газеті
Show full summary Hide full summary

Similar

Higher Level Economics
Jim hammerton
Spanish Vocab Flash Cards
Clarice Thorn
Mechanics
james_hobson
Plant Structure and Photosynthesis
Evangeline Taylor
Maths Revision- end of year test
hannahsquires
LADY MACBETH TRAITS
Zealous
Edexcel Biology chapter 1
Anna Bowring
Japanese - Months
blitheetick0920
Mapas mentales con ExamTime
julii.perci
GCSE Core Chemistry Yr 9
bronwyn831
Longevidad y Envejecimiento Fisiológico
Isaac Alexander